Барлық мемлекеттік органдар кезең-кезеңімен жалақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеді

0
3 224

Мемлекеттік органдарда жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі


Барлық мемлекеттік органдар кезең-кезеңімен жалақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеді

ERNUR.KZ. 2019 жылдан бастап еліміздегі барлық мемлекеттік органдар кезең-кезеңімен жалақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеді, деп жазады 24.kz.

Яғни еңбекақы мен сыйақы түрінде ынталандырылатын төлемдер қызметкердің жүктемесі мен жұмысының нәтижесіне қарай есептеледі. «Соның негізінде мемлекеттік шығындар қысқарып, кадрлардың сапасы артады», - дейді мамандар.

Жаңа жүйе Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдігі және Әділет министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде пилоттық режимде тексерілді. Нәтижесінде мемлекет қазынасынан 4,5 миллиард теңгеден астам қаржы үнемделген. Жаңа жүйені өзге өңірлерде енгізу мәселесі бүгін Астанада семинар-кеңесте талқыланды. Жиын барысында Алматы қаласы 1 қазаннан бастап жаңашылдықты қолданысқа енгізуге дайын екенін жеткізді.

Айгүл Шаимова, МҚІСЖҚІА төрағасының орынбасары: Біріншіден, бюджеттің қаражатын, шығындарын оңтайландыруды қарастырамыз. Енді бизнес процестерін талдап, оның керек емес бизнес процестерін қысқартып, соның оңтайландыру және бюджеттік қаражатын қысқару үшін жұмыс істейміз. Бұл жүйеден мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі. Біздің агенттікте және үш пилоттық органда екі есеге жалақылары көбейді.