Баспана кезегінде тұрған 500 мың адам бір ресурсқа біріктіріледі

0
292

Заңның басты мақсаты – халықты баспанамен қамтудың жаңа тәсіл механизмін пысықтау.


Баспана кезегінде тұрған 500 мың адам бір ресурсқа біріктіріледі

ERNUR.KZ. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ әдіснама департаментінің директоры Марғұлан Әбдікәрімов Тұрғын үй саясаты туралы жаңа заңның баспана кезегін қалай реттейтінін түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Заңнамаға тұрғын үй саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін заң жобасы дайындалған болатын. Регламент бойынша құжат қоғамдық тыңдаудан өтіп, ашық деректердің порталына жарияланды. Қазір құжат мемлекеттік органдардың мақұлдауында жатыр. Бірден айтқым келеді, бұл заң жергілікті атқарушы органдардағы баспана кезегін реттеуге бағытталған. Заңның негізгі тетігі сол десе де болады. Құжат «Отбасы банктің» құрылуымен тығыз байланысты. Қазақстандағы баспана кезегінің бәрі осы «Отбасы банкке» шоғырландырылады. Бұл - 500 мыңнан астам кезекте тұрған адам деген сөз. Әр өңірде көрсеткіш әртүрлі. Сәйкесінше, кезектегілердің баспана алу ісіне жаңа тетіктерді енгізу тұрғын үй қатынасы туралы заңмен реттеледі», - деді департамент директоры.

Сондай-ақ, ол аталған құжаттың қашан Үкіметке ұсынылатынын атады.

«Заңның басты мақсаты – халықты баспанамен қамтудың жаңа тәсіл механизмін пысықтау. Қазір заң мемлекеттік органдардың ақырғы мақұлдауында жатыр. Шілде айының соңына дейін мақұлдаудан өтеді деп отырмыз. Әрі қарай регламент бойынша Үкіметке енгізіледі», - деп түйіндеді Марғұлан Әбдікәрімов.