Марқұмның басы жоқ болғандықтан туыстары жаназа шығара алмаған.
иллюстрациялық фото
Алматы облысы Балқаш ауданында жалданып қой бағатын 45 жастағы жігіт 23 тамызда жоғалып кеткен. Оның денесін бауырлары 6 қыркүйекте Бірлік ауылына 8 шақырым жерден іздеп тапқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Сараптама оның басынан атып өлтіргенін анықтаған. Тергеу барысында сот-медициналық сараптама үшін мамандар марқұмның басын алып қалған. Денесін жер қойнына тапсырғанымен, басы болмағандықтан марқұмның жаназасын да шығара алмаған.
Бауырынан айырылғандардың тергеу амалдарына да көңілі толмай отыр. Әзірге аймақтың полиция департаменті бұл сұмдық оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет айтпады.
"Ағамыздың басын алып қалды экспертизаға бермей. Денесін алдық, жерледік. Жаназа оқытылған жоқ. Сол себепті сіздерден көмек сұрап келіп отырмыз анығына жету үшін. Полицейлер өз жұмыстарын дұрыс атқарған жоқ. Жаңағы прокуроры бар, следак бар, начальник РОВД бар ешқайсысының жұмысына көңілім толған жоқ", - дейді марқұмның бауыры Нұрлан Ниязов.