Бетперде киген 4 оқушы жасөспірім қызды жабылып ұрып кеткен

0
1 297

14 жастағы қыз бас-ми жарақатын алған


Бетперде киген 4 оқушы жасөспірім қызды жабылып ұрып кеткен

ERNUR.KZ. Соңғы кездері мектеп оқушыларының арасында кикілжің көбейіп кетіті. Бұрындары төбелес жігіттер арасында болса, қазір қыздар да бір-бірін аяусыз сабайтын болған, деп жазады sn.kz.

Оқиға түнгі сағат 12-лер шамасында №55 мектептің жанында болған. Бетперде киген 4 қыз бала 9-сынып оқушысын сабап кеткен.

14 жастағы қыз бас-ми жарақатын алған. Дәрігерлердің қарауынан кейін оқушы үйіне қайтарылды.

Ақтөбеде облыстық полиция департаменті оқиғаны растап отыр.

Еске сала кетейік, 8 желтосқан күні дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары арасында төбелес боп, біреуі пышақ жарақатымен облыстық ауруханаға түскен болатын.

Осы оқиғадан кейін мектеп директоры, орынбасары мен психолог жұмыстан шығарылған.