"Билеуге шақырған": Шымбұлақта ер адам 14 жастағы баланы ұрып тастады - видео

0
2 732

​Видеодан жасөспірімнің бір көзі қатты көгеріп кеткенін көруге болады. Апасының айтуынша, соққыдан оның миы шайқалған.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде алматылық Камилла Әликееваның жазбасы тарады. Оның айтуынша, Шымбұлақтағы қонақ үйде ер адам оның 14 жастағы інісін ұрып тастаған, деп жазады sputnik.kz.

"Қонақ үй иесі жылдам қимылдап, бейнекамералардың жазбасын өшіріп тастаған. Ал жәбір көрсеткендерді моншаға тығып, ешкімді кіргізбей қойды. Баланың айтуынша, ол дәмханаға шай алу үшін барған. Сол жерде билеп жүрген мас ер адамдар оны бірге билеуге шақырып, қайта-қайта тартқылай берген. Інім келіспей, оларды итере бастайды. Енді міне миі шайқалып, денесі көгеріп кетті", - деп жазды Әликеева.


Алматы қалалық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратты. Баланы ұрды деген күдікпен ер адам ұсталған.

"Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша 1983 жылы туған М.А. жасөспірімді ұрды деген күдікпен ұсталды. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың дене жарақаттарының деңгейін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жасалады", - дейді полицейлер.

Бұдан бөлек, карантинді бұзғаны үшін саунада болған адамдарға қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді.