Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында ауа райы оңалмай тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бірнеше күннен бері желдің екпіні күшейіп, көктайғақ болып жатыр. Бүгін де осындай құбылмалы күн райы сақталады.
«Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін», - дейді сипоптиктер.
Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Сонымен бірге, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарында тұман күтіледі.