Бірнеше үй газсыз қалды: Ақтөбеде мас әйел көлігімен шұңқырға түсіп кетті (ВИДЕО)

0
205

Оқиға салдарынан 8 тұрғын үй, оның ішінде 560 пәтер газсыз қалған.


Бірнеше үй газсыз қалды: Ақтөбеде мас әйел көлігімен шұңқырға түсіп кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында таң атпай мас күйінде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетіп, газ құбырын зақымдаған. Салдарынан Алтын орда ауданында 8 тұрғын үй газсыз қалған, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға бүгін сағат таңғы 06:30 шамасында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Mercedes маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол құрылысы кезінде қазылған шұңқырға түсіп кеткен.

Жүргізуші әйел мас болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол зардап шекпеді. Қазіргі кезде хаттама толтырылып, іс шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жіберілді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі оқиға салдарынан 8 тұрғын үй, оның ішінде 560 пәтер газсыз қалғанын, қазіргі кезде газ қызметі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Еске салсақ, Бас прокурор Берік Асылов жол апаттарының саны артуына алаңдаушылық білдіріп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырған болатын.