Егер іс бойынша алқа билер тағайындалып, олар қандай да бір шешім қабылдаса оған судья араласа алмайды.
ERNUR.KZ. Экс-министр Бишімбаевтың ісіне қатысты алқабилер қаншалықты әділетті шешім шығарады? Бұл сұрақты журналистер депутат, заңгер Абзал Құспанға қойды, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, егер іс бойынша алқа билер тағайындалып, олар қандай да бір шешім қабылдаса оған судья араласа алмайды. Яғни 10 алқа бидің алтысы ақтаса, сотталушы босап шығуы мүмкін.
"Бұрын алқабилердің саны 10 адам болса, "Ауыл" партиясының депутаттары классикалық модельге өтіп 12 адам болғанын ұсынып отыр. Олар кәсіби судьядан бөлек кеңесу бөлмесінде жеке өздері дауыс бере алатындай мүмкіндік беріліп отыр.
Яғни, қазір қылмыстық істі қарау аяқталған соң залда судья алқабилермен қалады. Осылайша ол (ред. судья) істің шешіміне әсер ете алады. Себебі, алқабидегеділер кәсіби заңгерлер емес. Сондықтан бұл мәселе қазір қаралып жатыр.
Көпшіліктің дауысына қарай, мысалы, 6 адам кінәсіз десе, онда ақтап шыға алады", - деді депутат.