Биылдан бастап балаларға дәрі-дәрмек тегін болады

0
1 264

18 жасқа дейінгі балаларға берілетін тегін дәрілердің тізбесі кеңейтілді.


Биылдан бастап балаларға дәрі-дәрмек тегін болады

ERNUR.KZ. Биылдан бастап балаларға дәрі-дәрмек тегін беріледі. Бұл туралы «СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп баспасөз брифингі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін тегін дәрілердің тізбесі кеңейтілді. Яғни, 192 атау бойынша препарат қарастырылған. Оның 70 пайыздан астамы қазіргі күні сатып алынды. Ал қалған бөлігі алдағы бір-екі айда толық жеткізіледі. Бұл мүмкіндікке қол жеткізу үшін жергілікті жердегі мемлекеттік медициналық мекемеге қаралса жеткілікті. Учаскелік дәрігердің нұсқауымен салқын тиген балаға да ем-домға қажетті дәрі тегін беріледі.