«Бізді адам құрлы көрмейді»: БҚО-да автобус жүргізушілері көтеріліске шықты

0
1 242

Басшылыққа шағымданған 4 жүргізуші жұмыстан қуылған.


«Бізді адам құрлы көрмейді»: БҚО-да автобус жүргізушілері көтеріліске шықты

иллюстрациялық фото ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. БҚО-да 19 желтоқсан күні 22 маршрут автобусының барлық жүргізушілері жұмыстарын тоқтатты. 60 жүргізуші өздерінің шағымдарын айту үшін автобус паркінің акт залына жиналды, деп жазады sn.kz.

Автобус жүргізушілерінің айтуынша, басшылары оларды адам санатына қоспайды екен. Еңбек ету сағаты артық болғанымен, тапқан нәпақа мардымсыз. Басшылыққа шағымданған 4 жүргізуші жұмыстан қуылған.

«Билет бермей, арнайы жилет киюді ұмытып кетсек, не болмаса автобус жуылмай қалса, бізден 33 000 теңге ұстап қалады. Болмайтын нәрсе үшін жұмыстан қуады. Алдында жиналыста жүргізушілердің атынан сөйлеп, өз шағымдарымызды жеткізгенмін. Бүгін келсем, жұмыстан шығарып жіберді. Мені ғана емес, тағы үш адам бар. Біз күніне 17 сағат жұмыс істейміз, ал бұл оларға жетпейді. Бізді адам құрлы көрмейді», - дейді автобус жүргізушісі Ернар Құтқожин.

Жүргізушілер автопарктің жанындағы көлік жууды жалға беріп қойғандары үшін наразы. Өйткені автобус жудыру үшін олар 1000 теңгені өз қалталарынан береді. Бұрын тегін болған. Кейде автобус жудыру үшін түнгі сағат 2-ге дейін кезекте тұрады екен. Өйткені ол жерде бар болғаны 2 адам ғана жұмыс істейді дейді.

Ал, автопарктің директоры Марат Әбдірахмановтың айтуынша, ол автобус жүргізішілеріне қатысты ешқандай заңсыз әрекет жасамаған. Жұмысшылар жұмыстан өз еріктерімен кетіпті. Ал автобус жүргізушілері егер жұмыстан қуылғандарды қайта алмаса, онда ертеңнен бастап жұмысқа шықпайтындарын айтуда.