БҚО-да күн жылынып, қардың еруіне байланысты су деңгейі көтеріледі

0
1 275

Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.


БҚО-да күн жылынып, қардың еруіне байланысты су деңгейі көтеріледі

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында күн жылынып, қардың еруіне байланысты су деңгейі көтеріледі, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 22-23 наурыз аралығында күннің жылылығына қоса жауын-шашын да түседі.

Соған орай қар күрт еріп, өзендерде мұз қабаты әлсіреп, су деңгейі көтеріледі.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

«Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ТЖ департаментінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 60-тан астам автокөліктің қар құрсауынан құтқарылғанын, Оралда қар қылаулап жауып тұрғанын жазған болатынбыз.