Бүгін Қазақстанда Ұлттық валюта күні атап өтіледі

0
363

Биыл теңгеге 31 жыл болады.


Бүгін Қазақстанда Ұлттық валюта күні атап өтіледі
ERNUR.KZ. 1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Бұл еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, нарықтық экономика құруға және дамытуға мүмкіндік берді. Биыл теңгеге 31 жыл болады.

Сонымен қатар, бүгін еліміздің қаржы жүйесінің қызметкерлері де кәсіби мерекесін атап өтеді.

Осы уақыт ішінде Қазақстанның мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттауға және қорғауға бағытталған ақша белгілерінің бірнеше сериясы шығарылды, былтыр цифрлық теңге бөлшек айналымға енгізілді. Бүгінгі таңда өмірімізге түрлі цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізіліп, инновациялық қаржы өнімдері жасалуда.