Cайлаушылардың 43,9% дауыс берді

0
2 043


Cайлаушылардың 43,9% дауыс берді

ERNUR.KZ. Сағат 14.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы онлайн брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 43,9%-ы алды, - деді ол.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 41,3 %

Ақтөбе облысы бойынша – 41,1 %

Алматы облысы бойынша – 43,0 %

Атырау облысы бойынша – 37,3 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 47,5 %

Жамбыл облысы бойынша – 55,1 %

Қарағанды облысы бойынша – 51,6 %

Қостанай облысы бойынша – 49,9 %

Қызылорда облысы бойынша – 48,7 %

Маңғыстау облысы бойынша – 36,0 %

Павлодар облысы бойынша – 51,1 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,2 %

Түркістан облысы бойынша – 46,6 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 48,8 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,0 %

Алматы қаласы бойынша – 21,9 %

Шымкент қаласы бойынша – 44,5 %.