Даниэль Джеймс: Менің ана тілім – қазақ тілі

0
106

Даниэль Джеймстің айтуынша, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілге деген құрмет өзге этностарды біріктіреді.


Даниэль Джеймс: Менің ана тілім – қазақ тілі

ERNUR.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясының қатысушысы, Африка мәдени орталығының төрағасы Даниэль Джеймс еліміздегі көпұлтты қоғам туралы пікір білдірді, деп жазады el.kz.

Даниэль Джеймстің айтуынша, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілге деген құрмет өзге этностарды біріктіреді. Нигериядан шыққан Даниэль Алматыда өскен. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Ағылшын тілін білемін, бірақ менің ана тілім – қазақ тілі, – дейді Даниэль Джеймс.

Қазақстанды өзінің туған үйіндей көретінін айтқан Даниэль еліміздің қонақжайлығына тәнті. Оның айтуынша, шетелдіктер үшін Қазақстанда өздерін жайлы сезінуге барлық жағдай жасалған.

Мұндағы адамдардың ашық-жарқын мінезі мен мейірімділігі мені әрдайым қуантады. Көшеде келе жатқанда кейде адамдар менімен суретке түсуді сұрайды, бәлкім түр-әлпетім ерекше көрінетін болар. Бірақ мен оларға: «Келіңіздер, бірге суретке түсейік», – деймін. Сонда олар қатты таңғалады, – деп күлді Даниэль.