Дәрігерлер коронавирус жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты

0
743

Экипажды қосқанда борта болған 12 адам әуежайда бірден оқшауланып, олардан анализ алынған. Қазір қыздың жағдайы бірқалыпты.


Дәрігерлер коронавирус жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. Германиядан ата-анасымен бірге келген 12 жастағы қыз балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы жеке боксқа жатқызылды, деп жазады sputniknews.kz.

"Коронавирус жұқтырған алты науқас ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Ал Германиядан ата-анасымен бірге келген 2008 жылы туған қыз балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағы жеке боксқа жатқызылды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық", - делінген әкімдік ақпаратында.
Экипажды қосқанда борта болған 12 адам әуежайда бірден оқшауланып, олардан анализ алынған.
"Коронавирус тіркелген 7 науқастың жағдайы бірқалыпты. Барлық пациент бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Науқастармен байланыста болған азаматтардың барлығы провизорлық стационарларға 14 күндік карантинге орналастырылды", - делінген ақпаратта.
Қазір Алматы қаласында 676 адам карантинде жатыр.
Алматы қаласының әкімдігі азаматтарды, әсіресе, үй жағдайында карантинде жатқан азаматтарды өзінің және басқалардың денсаулығы үшін барынша жауапкершілікпен қарап, санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануға, ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі оқшаулауға шақырды.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – тоғыз адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі – Алматыда.

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.