Демалыс күндері еліміздің кейбір өңірлерінде үсік жүреді

0
1 676

Ресейдің еуропалық бөлігінің аймақтарынан келетін циклон әсерінен республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.


Демалыс күндері еліміздің кейбір өңірлерінде үсік жүреді

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Олар демалыс күндері найзағай болады деп болжады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ресейдің еуропалық бөлігінің аймақтарынан келетін циклон әсерінен республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, оңтүстік облыстардың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Батыста және солтүстік-батыста түнде және таңертең 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.«Қазгидромет» РМК

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, батыста күндіз ауа температурасының +8...+18-ден +15...+28°С-қа дейін аздап жоғарылауы күтіледі, ал қалған аумақта, солтүстікте күндіз ауа температурасының төмендеуі байқалады. Орталықта +25...+30°С-тан +15...+20°С-қа дейін, республиканың оңтүстігі мен шығысында +28...+33°С-тан +17...+ 25°С-қа дейінгі аралықты көрсетеді.