Сыныптасымен бір пәтерде болған қыз 7-қабаттан құлап кеткен.
Ақтөбеде 19 жастағы қызды екі сыныптасы зорлап өлтірген болуы мүмкін, деп жазады stan.kz.
Қыздың жақындары өлімнің екі нұсқасы қарастырылып жатқанын айтты.
“Қызды екі жігіт зорлап өлтірді деген нұсқа бар. Олардың бірі – қыздың әскерден жаңа келген сыныптасы, екіншісінің кім екені белгісіз. Екінші нұсқа бойынша, зорлау болмаған, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сыныптасымен бір пәтерде болған қыз 7-қабаттан құлап кеткен. Осы уақытқа дейін сараптама қорытындысы шықпаған, қыз жер қойнына тапсырылғанымен, өліміне қатысты мүлдем ақпарат жоқ. Кімнің өтірік, кімнің шындықты айтып отырғаны белгісіз”, – делінген хабарламада.
“Немолчи” қоры туыстарына ақпарат берілмегенін айтады. Олар полиция мен прокуратурадан түсініктеме сұрады.
Оқиғаға қатысты полиция департаменті мәлімдеме жасады.
“Осы факті бойынша Ақтөбе қаласы ПБ №1 қалалық полимция бөлімімен ҚО КК 105-бабы, яғни өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасуда. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Тергеу барысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынды”, –деп мәлімдеді полиция департаментінің өкілдері.