Экс-полицей әйелін алты жыл бойы қорлаған: Ер азамат оқиғаны жариялағаны үшін жұбайын сотқа берді

0
2 587

Ер азамат жұбайын бір миллион теңге талап етіп отыр.


Экс-полицей әйелін алты жыл бойы қорлаған: Ер азамат оқиғаны жариялағаны үшін жұбайын сотқа берді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей әйелін соққыға жығып, артынша оны оқиғаны жариялағаны үшін сотқа берген, деп жазады Stan.kz.

Әсел Алқанова есімді келіншек алты жыл бойы күйеуі Хайдар Жексеновтен қорлық көріп келгенін басылымға айтып берген. Мұны білген ер азамат жұбайын оқиғаны жариялағаны үшін сотқа беріп, бір миллион теңге талап етіп отыр.

Бұған қоса, әйелін азаптаған ер адам басылымның үстінен де арыз түсірген. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымы соттың қарсаңында бір-ақ білген.

Сот ісімен танысқан судья басылымға қатысты шағымды қараусыз қалдырған. Ал Әсел Алқанованың ісі сотта жалғасын таппақ.