Қыркүйек айының ортасында Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпы вакциналау басталды.
Фото: Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ұйытқы болуымен елімізде АПВ-ға қарсы вакцинациясының қоғамдық денсаулыққа әсері бойынша зерттеу жүріп жатыр. Жұмыс тобының құрамында денсаулық сақтау саласындағы құзырлы органдардың өкілдері бар. Одан бөлек шет елден арнайы ғалымдар шақыртылған, соның бірі Лондон гигиена және тропикалық медицина университетінің (Ұлыбритания) профессоры Джордж Янг агенттік тілшісімен тілдескен еді6 деп жазады inform.kz.
Қыркүйек айының ортасында Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпы вакциналау басталды.
«Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы жеткіншек қыздарды жалпы вакциналау процесіне зерттеу жүргіздік. Қазақстанда вакцинация барысының қалай жүріп жатқанын біз білмедік, сондықтан зерттеу жұмыстарының бірнеше сценарийін әзірледік. Зерттеуге биыл наурызда кірістік, жалғастырып жатырмыз, әзірге біздің қолымызда алдына ала болжам бар. Алдымен байқағанымыз, вакцинация ауқымын кеңейту керек, яғни екпе алатындар қатарын арттыру қажет», - деді Джордж Янг АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізу мәселелеріне арналған семинарда.
«Ата-анаға вакцинаның қауіпсіз екенін түсіндіріп, ақпараттандыру маңызды. Бұған дейін 2013 жылы зерттеу жүргіздік, одан ұққанымыз вакцинация процесін ауқымды қамтуда ақпараттандыру жұмыстары аздық етеді. Мысалы, Шотландия АПВ-ға қарсы вакцинацияны 20 жыл бұрын бастап кетті, біз ол елде зерттеу жүргіздік. Қазір Шотландияда жатыр мойны обыры тіркелген жоқ, яғни жеткіншек қыздар екпені дер кезінде алған. Біз халықаралық деңгейде белсендіміз, көптеген елдерде денсаулық сақтау салалары, оның ішінде вакцина тақырыбы бойынша зерттеу жүргіземіз», - деп толықтырды профессор.
Айта кетейік, бүгін елордада АПВ-ға қарсы вакцинациясын жүргізудің қоғамдық денсаулыққа әсері бойынша зерттеу барысына арналған семинар өтті.
Аталған шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің ұйытқы болуымен өтті.