Елімізде банктер борышкерлерді жалғыз баспанасынан шығармайтын болды

0
735

Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Елімізде банктер борышкерлерді жалғыз баспанасынан шығармайтын болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік аз қамтылған борышкерлер енді ипотека қарызы үшін жалғыз баспанасынан шығарылмайды. Осы мәселе қарастырылған меморандумға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматы қаласының әкімдігі қол қойды, деп жазады Stan.kz.

23 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы әкімдігі, Банк омбудсмені, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің ипотекалық қарызы үшін жалғыз тұрғын үйін алып қою және жалғыз баспанасынан шығару шараларын тоқтата тұруды көздейтін өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұған қоса, мамандар меморандум жобасымен маусым айынан бері жұмыс істегенін, әзірге меморандум Алматы қаласының әкімдігімен ғана қол қойылғанымен, шара кейін бүкіл республиканы қамтиты айтылды.

Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 12 ай бойы күшінде болады.