Елімізде енді кез келген жаңа заң жобасы БАҚ беттерінде жарияланады

0
649

Ұлыбританияның заң шығару ісінде қолданылатын жүйені елімізде тәжірибеден өткізіп көрмек.


Елімізде енді кез келген жаңа заң жобасы БАҚ беттерінде жарияланады

ERNUR.KZ. Яғни, қоғамда қызу талқыланып, оң бағасын алған құжат қана Парламентке ұсынылуы тиіс, деп жазады 24.kz.

Бүгін Әділет министрлігі осы мақсатты көздейтін «Жасыл» және «Ақ» кітап тәжірибесін таныстырды. Бұл - Ұлыбританияның заң шығару ісінде қолданылатын жүйе. Оның ерекшелігі, министрліктер туындаған мәселені сарапшылар тобымен талқылап, қандай да бір құжатқа енгізілетін өзгеріс ұсынады. Кейін тұжырымдама бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке таныстырылады.

Бұл кезең – «жасыл» кітап деп аталады. Яғни, заң жобасының әлі де болса дайын еместігін білдіреді. Ал ұсыныстар ескеріліп, қоғам пікірі сараланған құжат «Ақ» кітапқа айналып, соның негізінде жаңа заң қабылданады.

"Бұл әзірге нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу жұмысын жетілдіру үшін ұсынылып отырған заң жобасы ғана. «Жасыл» және «Ақ» кітап тәжірибесін Парламентке алдағы уақытта ұсынамыз. Дегенмен, министрліктерді осы жүйе бойынша жұмыс істеуге қазірден бастап шақырып отырмыз. Бұл тәжірибе заң жобасын қарау мерзімін 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартуы мүмкін. Бірақ құжатты жедел қабылдау керек болған жағдайда уақытты қысқартамыз" - Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі.