Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 11 адам қайтыс болды

0
2 225

ДСМ коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады.


Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 11 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің ақпаратынша, коронавирус инфекциясынан сегіз, ал ковидтік пневмониядан үш адам көз жұмды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 1134 адамда COVID-19 диагнозы расталса, 118 адам пневмониямен ауырды.

20 қаңтардағы мәлімет бойынша, қазір коронавирустан 25 038 науқас (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Пациенттердің арасында 307 адамның жағдайы ауыр, 61-і хәл үстінде жатыр, 34 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.