Табиғаттың тосын мінезін оңтүстік өңірдің тұрғындары да сезеді.
Солтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Табиғаттың тосын мінезін оңтүстік өңірдің тұрғындары да сезеді. Түркістан мен Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Жолдарда көру деңгейі төмендегендіктен, республикалық маңыздағы трассаларда көлік қозғалысы шектелді.
Атап айтсақ, Нұр-Сұлтаннан Шучинск, Атбасар және Екібастұзға шығатын жолдар жабық.