Елорда атауы өзгерген жағдайда азаматтарға құжаттарын ауыстыру қажет болмайды

0
428

Бүгін парламент палаталарының отырысы басталды.


Елорда атауы өзгерген жағдайда азаматтарға құжаттарын ауыстыру қажет болмайды

ERNUR.KZ. ҚР Әділет министрі Қанат Мусин елорданың бұрынғы атауын қайтару азаматтарға құжаттарын шұғыл түрде ауыстыруды талап етпейтінін айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

Бүгін парламент палаталарының отырысы басталды. Отырыста президент өкілеттігі мерзімдерінің саны және ұзақтығына қатысты Конституцияға түзетулер қаралады.

Сондай-ақ парламент елордаға бұрынғы атау – Астананы қайтару мәселесін де қарайтын болады. Осы орайда Әділет министрлігінің басшысы Қанат Мусин елорда атауы өзгерсе, азаматтардың құжатын ауыстырудың қажеттілігі болмайтынын айтты.

"Бұған дейін түскен құжаттар қаланың жаңа атауын көрсететін құжаттармен бірдей заңды күшке ие болады. Сондықтан құжаттарды шұғыл өзгертудің қажеті жоқ", - деді ол.