Қазақстан астанасының атауы 2019 жылдың наурызында Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
ERNUR.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Нұр-Сұлтан атауын Астана деп өзгерту туралы сұраққа жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ", - деді Қошанов Мәжіліс сыртында.
Сондай-ақ, журналистер "депутаттар қала атауын өзгерту мәселесін көтеруі мүмкін бе" деп сұрады.
"Жоқ, көтермейді", - деді палата спикері.
Қазақстан астанасының атауы 2019 жылдың наурызында Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.