Елорда "қызыл" аймақтан қай кезде шығады – әкім жауабы

0
1 242

​Соңғы бір тәуліктің ішінде астанада 47 адамда коронавирус анықталды. Осылайша, ПТР-тест оң нәтиже көрсеткендердің жалпы саны 17 181-ге жетті.


Елорда

ERNUR.KZ. Аурудың репродуктивті көрсеткіші төмендегенде елорда "қызыл" аймақтан шығады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қызыл" аймақтан шығу үшін бірқатар жағдай ескеріледі. Мәселен, аурудың репродуктивті көрсеткіші (вирустың бір адамның таралуы) 1-ден төмен болуы керек. Осы көрсеткіштен өмендегенде қала "қызыл" аймақтан шығады", - деді Көлгінов.

Айта кетейік, 10 желтоқсан күні астанада ПТР-тест арқылы 118 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын. Репродуктивті көрсеткіш, яғни, бір адамның вирусты тарату қаупі де артты. Осыдан кейін елорда "қызыл" аймаққа кірді.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың матрицасына сәйкес, елорда "қызыл" аймақтан әлі шықпаған. Соңғы бір тәуліктің ішінде астанада тағы 47 адамда коронавирус анықталды. Осылайша, ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткендердің жалпы саны 17 181-ге жетті.