Елордада газ баллонынан уланған 9 бала ауруханаға түсті

0
979


Елордада газ баллонынан уланған 9 бала ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Елордалық №54 орта мектептің 9 оқушысы газдан уланып, ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«2019 жылдың 5 қыркүйегінде сағат 17:01-де «103» пультіне Иманбаева, 4 мекенжайында орналасқан №54 орта мектептен «Уландырғыш заттан зардап шегу» дерегі бойынша хабар келіп түсті. Мектеп директорының айтуынша, мектеп оқушыларына сынып ішінде газ баллоны шашылған Сағат 17:14-те жедел жәрдем қызметінің 3 бригадасы мектепке жетті», - делінген басқарма хабарламасында.

Оқиғадан 5-сыныпта оқитын 8 бала зардап шеккен. Жедел жәрдем оларды №2 қалалық ауруханаға жеткізген.

«Тексеруде 9 баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Олардан жөтел, бас айналу, көзден жас ағу, әлсіздік белгілері байқалған. Барлық балалар маман тексеруінен өтіп, сараптамаға қан тапсырды. Қазіргі уақытта балалар №2 қалалық аурухананың қабылдау-диагностикалық бөлімінің жіті бақылауында», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.