Елордада Павлодар бағытындағы жол жабылды

0
2 328

Автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.


Елордада Павлодар бағытындағы жол жабылды

ERNUR.KZ. Елордада Павлодар бағытындағы жол жабылды, деп жазады ҚазАқпарат.


«19 ақпанда сағат 08:15-те ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық жолдың 16-200 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласынан Ерейментау қаласы мен Шідерті кентіне дейінгі аралықта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды», - делінген хабарламада.


Еске сала кетсек бұған дейін «Нұр-Сұлтан-Петропавл» республикалық жолының 18-231 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучинск аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылған еді.