Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған жас жігітті құтқарып қалды

0
2 321

Үш минут ішінде оқиға орнына патрульдік полицияның екі экипажы жетті.


Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған жас жігітті құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері көпірден секірмек болған жас жігітті құтқарды, деп хабарлайды Хабар24.


«Кешкі сағат 19:15-те ер адам жанармай құю бекеті жанындағы көпірден секірмек болып тұрғандығы туралы хабарлама түсті. Үш минут ішінде оқиға орнына патрульдік полицияның екі экипажы жетті. Жас жігіт көпірден теміржолға секірмек болып тұрған», - делінген хабарламада.

Жағдайды бағалағаннан кейін полиция алыстан жігітпен сөйлесіп, оның назарын басқа жаққа аударған. Осы кезде патрульдік полиция қызметкері Жандос Тұрашев жас жігіттің жанына келіп, оны ұстап үлгерді.

Осылайша, полиция жігіттің өмірін сақтап қалды. 26 жастағы астананың тұрғыны қалалық ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.