Ерлан Тұрғымбаев карантин талаптарын жиі бұзатын өңірді атады

0
2 624

Жыл басынан бері өңірде санитарлық талапты сақтамаған 458 жағдай тіркелген.


Ерлан Тұрғымбаев карантин талаптарын жиі бұзатын өңірді атады

ERNUR.KZ. Еліміздегі эпилахуалға байланысты республика бойынша 15 санитарлық және 4 блок-бекет қойылған. Ал қауіпсіздік шараларына 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған. Бұл туралы ІІМ Үкімет отырысында айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тұрғымбаевтың айтуынша, бүгінде 290 карнатиндік нысан министрліктің бақылауында.

«Бүгінгі таңда санитарлық дәрігерлерге көлік объектілеріндегі жолаушыларды тексеруге көмек көрсетіліп жатыр. Еліміздің халықаралық әуежайларында 18, теміржол вокзалдарында 16 бақылау пункті орнатылған. Бұл объектілердегі күн сайынғы жолаушылар ағыны 48 мыңға жуық адамды құрайды (Нұр-сұлтан Қ. – шамамен 10 мың, Алматы қ. – 20,5 мың). Көлік объектілерінен (1 қаңтардан бастап) ПТР-анықтамасы жоқ 3 200 азамат карантинге орналастырылды», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Жыл басынан бері 9 мыңнан аса рейд жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде карантинді бұзу дерегі бойынша 773 факті анықталған екен.

«Карантин талаптарын жиі бұзған аймақтардың арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде санитарлық талапты сақтамаған 458 жағдай тіркелді. Сонымен қатар, қызыл аймақта орналасқан топтардың жұмысы көңіл көншітпейді. Аталған топтардың жұмыс белсенділігінің төмендеуіне байланысты тұрғындар адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде тағу режимін жиі бұза бастады», - деді Ішкі істер министрі.