Отандасымыз нокаут кезеңінде Андреа Бочеллидің Melodramma деген әнін орындады.
ERNUR.KZ. Amre деген лақап атпен танылған қазақстандық әнші Ернар Садырбаев Ресейдегі “Голос” жобасының нокаут кезеңінен сәтті өтті, деп жазады exk.kz.
Ернар осымен 10-маусымын өткізіп жатқан жобада Ресейдің еңбек сіңірген артисі, 2008 жылғы "Евровидение" байқауының жеңімпазы Дима Биланның тобына түскен.
Отандасымыз нокаут кезеңінде Андреа Бочеллидің Melodramma деген әнін орындады. Онымен бірге Максим Юдин мен Элина Пан сынға түсті. Осы үштіктің арасынан Дима Билан қазақстандық әншіні таңдады. Сөйтіп, жерлесіміз ширек финалға өтті. Енді әріқарай байқау тікелей эфирде өтеді.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық Әлішер Кәрімов те ширек финалға жолдама алған.