Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
ERNUR.KZ. Монополияға қарсы органның хабарламасынан кейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Шымкенттегі бірқатар тұрғын үй кешеніне 2021 жылдың 17 тамызынан бастап баға төмендетілді, деп жазады baq.kz.
Бұған дейін BI Group Алматы қаласында бастапқы тұрғын үй бағасын 4%-ға дейін төмендетуге дайын екенін мәлімдеген.
Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төмендетілетін бағаның негізділігіне талдау жүргізе отырып бұл мәлімдемемен келіспеді. Нәтижесінде, монополияға қарсы органның хабарламасын орындау аясында BI Group 2021 жылдың 17 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы 51 тұрғын үй кешеніндегі бастапқы тұрғын үйдің бағасын орта есеппен 8% - ға (4 ТК - стандарт класс, 25 – комфорт, 19 - бизнес, 3 – премиум-класс), Алматыда 24 тұрғын үй кешеніне 11 %-ға (1 ТК – стандарт-класс, 12 - комфорт, 8 - бизнес, 3 – премиум-класс), Атырауда 2 тұрғын үй кешенінде 4%-ға (2 ТК - комфорт-класс) Шымкентте 1 тұрғын үй кешенінде 3% - ға (1 ТК - бизнес-класс) төмендетеді,-делінген хабарламада.
Барлық тұрғын үй кешендері бойынша бағаның төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ды құрайды, төмендеу диапазоны – бір шаршы метріне 10 000-нан 125 000 теңгеге дейін.
Мысалы, елордадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі ауданы 85 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтердің бұрынғы бағасы 34,3 млн теңге болса, баға төмендетілгеннен кейін 31,7 млн теңгеге түскен.
Бағалары төмендетілген тұрғын үй кешендерінің тізімі қоса беріледі.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізген, талдау барысында бірқатар компанияның тұрғын үй бағаларын белгілеу және ұстап тұруға қатысты келісілген іс-қимыл белгілері анықталыпты.
Олардың қатарында «BAZIS – A», «BI Group» холдингтері, «РАМС-Қазақстан» компаниясы бар. Қазіргі уақытта BAZIS-A және РАМС-Қазақстан Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасын төмендетті. Маңызды: Егер, сізге BI Group кеңселерінде тізімде көрсетілген тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді төмендетілген бағалар бойынша сатудан бас тартылған жағдайда бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне dkzrk.kense@azrk.gov.kz электрондық мекенжайы немесе 8(7172) 65-16-86 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз,-делінген хабаралмада.