Эстраданың белді өкілдері, дәстүрлі және опера әншілері қала көшелерін жүк көлігімен аралап ән салды.
ERNUR.KZ. Елордада жылжымалы концерт өтті, деп жазады 24.kz.
Эстраданың белді өкілдері, дәстүрлі және опера әншілері қала көшелерін жүк көлігімен аралап ән салды. Жылжымалы сахнада тек патриоттық мазмұндағы әндер шырқалды. Концерт ұзын-ырғасы 8 сағатқа созылды. Жүк көлігі музыкалық аппаратпен жабдықталған.
Өнерпаздар бас шаһардың оң жағалауын да, сол жағалауын да әнмен тербеді. Мәдениет басқармасы мұндай ерекше шараны алғаш рет тоғызыншы мамырда ұйымдастырған еді. Ертең Ұлттық домбыра күні үшінші жылжымалы концерт қойылады. Ол кезде көшеге жабдықталған екі жүк көлігі шығады.