Фейк: «Скриптонит Қазақстанға террористік шабуыл жасалатынын болжаған»

0
630

​Telegram-да рэпер Скриптонит 2017 жылы «Шынжыр» (Цепи) атты әнінде лаңкестердің Қазақстанға шабуылын болжағаны туралы ақпарат тарады.


Фейк: «Скриптонит Қазақстанға террористік шабуыл жасалатынын болжаған»

Мәтінде «адамдар Интернетке кіре алмайды» және «Ресей өз әскерінің бір бөлігін Қазақстан мемлекетіне көмекке жібереді» деген жолдар бар. Бұл фейк, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.




Шындығында, «Шынжыр» әнінде мұндай сөздер жоқ.
Әннің қайырмасында былай делінген: «мойынымда шынжыр, келеді сүйгім, әкең саған Louis сыйлайды.
Пердемен оранып ал, өйткені жарқырайтын біз, кросс емес» (На мне цепи-цепи-цепи на шее и поцелуи-луи-луи-луи
Папа подарит тебе весь Louis
(Надень шторы, ведь мы сияем, а не наши кроссы»)

Тректің өзін кез келген адам онлайн тыңдай алады.
«Яндекс.Дзен» платформасында пайдаланушылар бұл әннің мәтінінің мағынасын талқылаған, онда Қазақстанға жасалатын террористік шабуыл туралы қорытынды болмаған.
Демек, «Шынжыр» әнінде Қазақстандағы қайғылы оқиғалар болжанған деген ақпарат фейк.