«Фейримен жуып, қайта береміз». Желіде жілік сүйегіне басқа май салынатыны туралы ВИДЕО тарады

0
457

Біреудің мүжіп тастаған сүйегін қайта жуа ма сонда?


«Фейримен жуып, қайта береміз». Желіде жілік сүйегіне басқа май салынатыны туралы ВИДЕО тарады

ERNUR.KZ. Желіде мейрамхана асханасынан видео тарады. Онда белгісіз әйел жілік сүйектерін жуып ішіне май салатындарын айтады, деп жазады sadaqmedia.kz.

«Жілік жеп өздерінше болатын қыздарға арналады. Мына сүйектің барлығын фейримен жудық. Енді осының ішіне май салып береміз», — дейді видео авторы.

Мұны көрген желі қолданшылары өз таңданыстарын жасыра алмады.

«Бәсе, неғылған тегін жілік деп едім», «Енді жіліктің майын жеп болған соң сүйегін пакетке салып алып кету керек болды», «Мына ханым қазақтың көзін ашып отыр», «Біреудің мүжіп тастаған сүйегін қайта жуа ма сонда?», деп жазды олар.