Huawei Ресейдегі қызметкерлерін Қазақстанға жіберді

0
516

олардың көбісі "ұзақ уақыттық іссапарға" жөнелтілген.


Huawei Ресейдегі қызметкерлерін Қазақстанға жіберді

ERNUR.KZ. Қытайлық Huawei компаниясы Ресейдегі қызметкерлерін Қазақстан, Өзбекстан және ТМД-ның өзге елдеріне жіберді, деп жазады stan.kz.

"Қызметкерлердің жартысы – Қытайдағы Huawei компаниясы бөлімшелерінің басшылары мен менеджерлері жыл басында Ресейге жіберілген болатын. Бірақ ақырында өзге ТМД елдеріне жіберілді", – деді басылымның дереккөзі.

Газеттің мәліметінше, олардың көбісі "ұзақ уақыттық іссапарға" жөнелтілген.

Huawei-дің баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді. Telecom Daily сараптамалық агенттігінің бас директоры Денис Кусковтың айтуынша, Қазақстанға жіберілген қызметкерлер компанияның тек бұл елдегі емес, барлық ТМД-дағы дамуына жауап береді.