Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторында 2021 жылдың желтоқсанынан бері отыр.
ERNUR.KZ. Бақытгүл Хаменова әкім орынбасарлығынан кетті, деп жазады Ulysmedia.kz.
Ақпан айында біздің тілшілер Хаменова істі болғанына қарамастан әлі де облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылмағанын анықтаған. Ол кезде әкімдіктегілер Хаменованың міндеттері өзге орынбасарларына үлестіріліп берілгенін жеткізген. Яғни, ол ұсталғаннан сон орнына ешкім келмеген. Денсаулық сақтау саласында Қайрат Бекенов басшылық етсе, білім беру саласын Серік Айдарбеков, ал өзге салаларды Нариман Таушов басқарған.
Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторында 2021 жылдың желтоқсанынан бері отыр.
3 тамыз күні Атырау облысы әкімдігіндегі Айдарбеков пен Таушов қызметінен қысқарғаны белгілі болған.
Ал бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары болып Нұртаев Қайрат Талапұлы мен Бисембиев Жасұлан Орақұлы тағайындалғаны жарияланды.
Сондай-ақ әкімдіктегілер Бақытгүл Хаменова қызметінен босағанын хабарлады.
“Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” 2015 жылғы 23 қарашадағы заңының 59-бабы 9-тармағына сай лауазымды тұлға (органның) тиісті шешімі бойынша облыс әкімінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №267-бұйрығымен Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы қызметінен босатылды”, – деді әкімдіктегілер.