Қаңтарда қандай қылмыс көп жасалғаны анықталды

0
742

Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.


Қаңтарда қандай қылмыс көп жасалғаны анықталды

ERNUR.KZ. Қаңтарда қандай қылмыс көп жасалғаны анықталды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

"Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 516 қылмыстық іс бар, олар бойынша 14 адам күзетпен ұсталып отыр. 567 күдіктіге қатысты 346 іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Олардың көпшілігі жаппай тәртіпсіздік уақытында жасаған ұрлық (424 адам), қаруды заңсыз сақтау (45), қаруды ұрлау (38), көлік құралдарын айдап кету (10), тонау (9) және бұзақылық (6) үшін жауапкершілікке тартылып отыр", - деді Әділов.
Соттар 388 адамның ішінен бас бостандығын шектеуге – 334 адамды,қоғамдық жұмыстарға – 4 адамды, айыппұлға – 4 адамды соттады,12 адам татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, 46 адам ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды.
Ол атағандай, 167 сотталушыға қатысты 86 қылмыстық іс әлі соттың қарауында.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар мен бизнес субъектілерінің құны 343 млн теңгеден артық ұрланған мүлкі алып қойылды, оның ішінде 12 автомашина, тұрмыстық техниканың 317 бірлігі, 189 зергерлік бұйым, 286 ұялы телефон, 16 млн-нан астам теңге, киімнің 550 бірлігі", - деді ол.