Қарағанды облысында 12 млн теңгенің мұнай өнімдері ұрланған

0
589


Қарағанды облысында 12 млн теңгенің мұнай өнімдері ұрланған

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында құны 12 миллион теңгеге жуық болатын мұнай өнімін қолды қылған ауыл тұрғындары ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне мұнай өнімдерін көтерме жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы арызданған.

Белгілі болғандай, аталған серіктестік жанар-жағармай сату станциясымен мұнай өнімдерін сатып алу келісім-шартына қол қойған. Бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу барысында 11 миллион 893 мың теңге ақша жетіспеушілігі анықталған.

“Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 пен 40 жас аралығындағы екі ауыл тұрғыны ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді”, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.