Қарағанды облысында дәрігерлер науқасқа мас күйінде келген

0
842

Медицина қызметкерлері бұл кінәні жоққа шығарды.


Қарағанды облысында дәрігерлер науқасқа мас күйінде келген

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Абай қаласының тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлерін мас күйін видеоға түсірген, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде видео тарап жатыр. Онда әйел үйіне мас фельдшерлер келді десе, медицина қызметкерлері бұл кінәні жоққа шығарып, біреуі кекештеніп тұрғанын айтады.



Кейін ролик авторы мас күйінде келген дәрігерлердің көмегінен бас тартқаны және өзінің әжесі үшін басқа бригаданы шақырғаны белгілі болды. Соңында егде жастағы әжейге басқа дәрігерлер көмектескен.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер видеодағы дәрігерлердің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Ведомстводағылар видео түсірілген кезде медицина қызметкерлері мас болғанын растады.

Айта кетейік, бұл видео желіге тарағаннан кейін Абай қаласының тұрғындары дәрігерді қорғап жазды. Оны білгір маман деп мақтады.