Қарағанды ​​облысында қалың қар жауды

0
597

Бүгін облыста ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған.


Қарағанды ​​облысында қалың қар жауды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында қалың қар жауды. Жолдар әзірге ашық, жергілікті тұрғындар сурет және видеоларды бөлісіп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Бүгін облыста ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған. Қазгидромет мәліметінше, 25 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстігінде жауын-шашын - жаңбыр, қар жауады. Облыстың оңтүстігінде шығыс, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Жергілікті тұрғын Саламат Смағұлов облыстағы Шет ауданы Босаға станциясынан сурет пен видеолар жолдады.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиеваның айтуынша, қар таңертең басталған.

"25 сәуірде сағат 5.30-дан 9.00-ге дейін Алматы-Екатеринбург тасжолының Қарағанды-Балқаш учаскесінде 30 шақырымда бұрқасын түріндегі жауын-шашын байқалды. Қазір ауа райы қалыпты. Жол қызметтері жұмыс істеп жатыр", - деді ол.


Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар барлық жол ашық.

"Республикалық маңызы бар жолды жабу мәселесі жергілікті полиция қызметі, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе пысықталады және көктайғақ болып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етсе жабылады", - деп қосты Стамғазиева.