Қарағанды облысында Қытай азаматтары құтқарылды

0
188

Олар қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай қалған


Қарағанды облысында Қытай азаматтары құтқарылды

фото: МЧС Казахстана

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қытай азаматтарын қар құрсауынан босатты, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін Қарағанды облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай жатқан ҚХР екі азаматы туралы хабарлама келіп түскен.
"Жолды қысқарту мақсатында тас жолдан шығып кеткен ер адамдарды құтқарушылар Қарқаралы ауданының Аққора ауылынан 15 шақырым жерден тапты", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар автокөлікті тас жолға сүйреп шығарып, аудан орталығына дейін сүйемелдеп барды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ауа райы бұзылған кезде тек үлкен жолдармен және тас жолдармен жүру керек екенін еске салды.