Қарағанды облысында үш адам көлікті иесімен қоса ұрлаған

0
1 148

Тәртіп сақшылары ұрыларды жол үстінде құрықтаған.


Қарағанды облысында үш адам көлікті иесімен қоса ұрлаған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің жедел тобы көлік ұрлығын ізін суытпай ашып, үш күдіктіні ұстады, деп жазады nur.kz.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскерлер көлік иесін ұрып, Қарағанды облысының Ақтоғай ауылынан Нұр-Сұлтанға дейінгі жолда қорқытып ұстаған.

Оларды тәртіп сақшылары жол үстінде құрықтаған.

Күдіктілер Қылмыстық кодекстің 125 бабы 2 тармағына сәйкес (адамдар тобының адамды ұрлауы) жауапқа тартылатын болады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.