14 жастағы бала каратэ секциясының жаттығу кезінде дене жарақатын алған.
ERNUR.KZ. 8 наурызда Қарағанды облысы Дубовка ауылының 14 жастағы тұрғыны қайтыс болды, деп жазады тengrinews.kz.
Полицейлердің мәліметінше, 14 жастағы бала каратэ секциясының жаттығу кезінде дене жарақатын алған.
"Осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Болған жағдайға қатысты баланың бапкері және жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне тексеріс жүргізіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа деректер жарияланбайды", - деді полиция өкілдері.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасөспірімнің жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болғанын айтты.