Оқиға кеше кешкісін Ағадыр мен Айса станциялары арасында болған.
ERNUR.KZ. Бүгін Қарағанды облысында жолаушылар пойызының техникалық вагоны рельстен шығып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға кеше кешкісін Ағадыр мен Айса станциялары арасында болған. Жолаушылар дін аман.
«Қарағанды-Сортировочная» станциясының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.