Қарағанды облысының кейбір елді мекендерінде төтенше жағдай жарияланды

0
1 143

Нақтырақ айтсақ, Осакаров ауданына тиесілі 10 ауылда ТЖ жарияланды.


Қарағанды облысының кейбір елді мекендерінде төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты (дауылды жел, боран, жауын-шашын) Қарағанды облысының бірнеше елді мекендерінде төтенше жағдай жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы мәлімдеді.

«Осакаров ауданы әкімінің шешімімен Осакаровка, Молодежный және ауылдық округтері: Сарыөзек, Қарағайлы, Сұңқар, Пионерский, Озерный, Николаевский, Тельман, Құндызды кенттері аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды», - деп хабарлайды комитет баспасөз қызметі.