Қарағандыда 32 жастағы полицей жұмыс орнында қайтыс болды

0
507

​32 жастағы учаскелік инспектор кенеттен көз жұмды.


Қарағандыда 32 жастағы полицей жұмыс орнында қайтыс болды

ERNUR.KZ. 32 жастағы учаскелік инспектор Ұлан Имашев жексенбі күні түсте полиция бөлімшесінде қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

"19 ақпан күні сағат 14:40 шамасында Қарағандыдағы учаскелік полиция бөлімшесінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлер алдын ала диагноз қойды. Өлім жүрек жеткіліксіздігінен болған", - деп хабарлады полицейлер.

Қарағанды облысы ІІД басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.