Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы қыз мерт болды

0
611

12 шілде күні Қарағанды қаласында құйынды жел тұрып, салдарынан ондаған ғимараттың шатыры бүлінді, 50-ге жуық ағаш құлады, елдімекендер, соның ішінде ауруханаларда жарық сөнді.


Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы қыз мерт болды

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында дауыл салдарынан 19 жастағы қыз суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Топар су қоймасында болды. Оның денесін бірнеше сағаттан кейін Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тапты.

«Үрлемелі матрацпен жүзіп жүрген 2001 жылы туған қызды қатты жел екпіні жағадан алыс алып кеткен. Кейінірек оның денесін құтқарушылар судан алып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 12 шілде күні Қарағанды қаласында құйынды жел тұрып, салдарынан ондаған ғимараттың шатыры бүлінді, 50-ге жуық ағаш құлады, елдімекендер, соның ішінде ауруханаларда жарық сөнді.