Қарағандыда карантинде әбден зеріккен үй тұрғындары дискотека ұйымдастырған (видео)

0
1 200

Музыканы қойған адам да анықталды.


Қарағандыда карантинде әбден зеріккен үй тұрғындары дискотека ұйымдастырған (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде карантин енгізілгеніне қарамастан көп пәтерлі үйлердің бірінің ауласында дискотека ұйымдастырып, бір топ қарағандылықтың би билеген видео пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Видеода көрсетілген Майқұдық ауданындағы үйді тексеріп, карантин режимін бұзғандарды анықтады.

Музыканы қойған адам да анықталды. Оған қатысты 476-бап бойынша хаттама толтырылды. Мұндайда оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Айтқандай, карантин кезеңінде ювеналды полиция қызметкерлері көшеде және қоғамдық орындарда 69 кәмелетке толмағандарды ұстады. Оның ішінде орта мектеп оқушылары - 54, колледж студенттері - 12, университет студенттері - 1, студенттер мен жұмыс істемейтіндер - 2.

Барлық осы фактілер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдайды бұзу) заң бұзушылардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.