Зардап шеккен әйел №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.
көрнекілік сурет: фото ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Құтқарушылар Қарағанды қаласының №5 автопаркінің аумағындағы май қоймасының қабырғасына соғылған автобустың ішінен кондукторды алып шықты, деп жазады ҚарАқпарат.
«30 қаңтарда сағат 17:24-те №5 автопаркінің аумағында оқыс оқиға болғаны жөнінде хабар келіп түсті. Mercedes маркалы автобус май қоймасының қабырғасына соғылған. ТЖД күшімен 1982 жылғы автобус кондукторы құтқарылып, ол жедел медициналық жәрдем қызметінің бригадасына тапсырылды», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД-ның ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Зардап шеккен әйел №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
«Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем қызметі шақыртылды. Бригада зардап шеккен әйелді №1 қалалық ауруханаға жеткізді. Онда оны травматолог дәрігерлер қарап, бел омыртқасы жараланған деген диагноз қойған. Қосымша тағы тексерілу керектігі айтылды. Ауруханаға жатқызуға себеп болмағандықтан, ол үйіне жіберілді. Егер ол өзін нашар сезінсе мекен-жайы бойынша емханаға бара алады», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Автопарк аумағында қандай жағдай орын алғаны және автобусты кім басқарғаны туралы нақты мәліметтер жоқ. Агенттік тілшісінің телефон қоңырауларына мекеме өкілдері жауап бермеді.